Skip to main content

«Академиялық жазылым»

EAGI

Мөлдір Аманғазықызы

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының доценті, философия докторы (PhD)

EdX халықаралық платформасының базасындағы «Академиялық жазылым» жаппай ашық онлайн курсы бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған. 

Курс дәріс материалдары, дәрісті бекітуге арналған сұрақтар, бейнедәрістерге сілтемелер және тақырып бойынша оқуға ұсынылатын әдебиеттерден тұрады.

Курстың мақсаты – білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын (мақала, аңдатпа, тезис, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жоба, т.б.) жазуға дағдыландыру.

ЕСКЕРТУ: EdX халықаралық платформасына өз логиніңіз бен пароліңізді енгізіп тіркелген жағдайда ғана курсқа қол жеткізе аласыз.

Курс мазмұны келесі тақырыптарды қамтиды:

1. Ғылыми стиль. Стильдің жалпы сипаттамасы.

2. Ғылыми жұмыс түрлері. Ақпаратпен жұмыс.

3. Академиялық жазылымдағы функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері.

4. Академиялық жазылымның негізгі ұғымдарының анықтамасы. Академиялық жазылым үдерісі.

5. Академиялық мәтіндегі кросс-мәдени айырмашылықтар.

6. Макро және микро деңгейде академиялық мәтінді ұйымдастыру.

7. Академиялық жазылымдағы дәлелдемелер мен логикалық қателер.

8. Плагиат.

9. Зерттеушінің сандық сауаттылығы.

10. Академиялық мәтінді жазудағы ойлау типтері.

The Open edX platform works best with current versions of Chrome, Edge, Firefox, or Safari.

See our list of supported browsers for the most up-to-date information.

Question #2

Your answer would be displayed here.

Enroll